Еуропалық сарапшы Дастан Сәтпаевтың "Бернлидегі" болашағына баға берді

Автор
Fonteam редактор
Автор
02.09.26, 09:03
Ағылшын маманы жас қазақстандықтың Чемпионшиптегі алғашқы матчтарында-ақ өзін жақсы қырынан көрсеткенін жеткізді.
Еуропалық сарапшы Дастан Сәтпаевтың "Бернлидегі" болашағына баға берді
Дастан Сәтпаев. Фото: "Бернли" ФК

BBC Radio Lancashire журналисі Росс Хитон Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың "Бернлидегі" бейімделуі мен болашағына қатысты пікір білдірді.

Ағылшын маманы жас қазақстандықтың Чемпионшиптегі алғашқы матчтарында-ақ өзін жақсы қырынан көрсеткенін жеткізді.

Росс Хитон Сәтпаевтың "Норвичке" қарсы ойынын ерекше атап өтті. "Бернли" бұл кездесуде 1:4 есебімен жеңілгенімен, қазақстандық форвард команда сапындағы ең белсенді ойыншылардың бірі болды.

"Бұл өте әсерлі матч болды. "Бернли" үшін күн ауыр өткенімен, Дастанның алаңдағы жауапкершілігі мен берілгендігі өте жоғары деңгейде болды. Оның еңбегі мен шеберлігі керемет. Меніңше, ол 10 ұпайдың 9-ын немесе 10-ын алуға лайық", – деді Хитон.

Журналистің айтуынша, "Бернли" жанкүйерлері де Сәтпаевтың қазіргі ойынына оң көзқарас танытып отыр.

"Біз оны әлі ойыншы ретінде танып, қай позицияда тиімді болатынын анықтап жатырмыз. Бірақ оның әлеуеті өте жоғары", – деді BBC өкілі.

Чемпионшиптің қатал футболына бейімделуі керек

Росс Хитон ағылшын Чемпионшипінің физикалық тұрғыда өте ауыр турнир екенін де ескертті.

Оның сөзінше, лигадағы командалардың ойын стилі әртүрлі. Кейбір ұжымдар допты бақылауға тырысса, енді бірі өте агрессивті әрі күшке негізделген футбол көрсетеді.

"Сәтпаев сияқты жас әрі техникалық ойыншыға қарсы қорғаушылар ерекше қатты ойнауы мүмкін. Бұған да дайын болу керек", – деді журналист.

BBC журналисі Сәтпаевтың алаңнан тыс өмірге де біртіндеп бейімделіп жатқанын да жазды.

Ол қазақстандық футболшының "Челсидегі" кезеңі мен сұхбаттарда ағылшын тілінде сөйлеуге талпынысы жаңа ортаға сіңісуін жеңілдетіп жатқанын айтты.

"Ең маңыздысы – оған артық қысым жасамау және дамуына мүмкіндік беру. Оның табиғи таланты мен дұрыс менталитеті бар. Сондықтан ол өте жақсы футболшыға айнала алады", – деді Хитон.

Айта кетейік, Чемпионшиптің үшінші турында "Норвичке" қарсы матчта 18 жастағы қазақстандық шабуылшы алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, 90 минут толық ойнады.

Ол кездесуде төрт сәтті дриблинг жасап, үш кілтті пас берді. Flashscore порталы Сәтпаевтың ойынын 7,5 ұпаймен бағалап, оны "Бернлидің" үздік футболшысы деп таныды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

02.09.26, 09:03

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
55
2
Қайрат
48
3
Астана
42
4
Оқжетпес
39
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
31
8
Жеңіс
29
9
Тобыл
28
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17