Бельгиялық маман шабуылдың қапталдарын күшейту клубтың басты басымдығы екенін ашық айтты. Оның сөзінше, командаға допты аяғына тосып алатын техникалық ойыншылар емес, қарсыластың қорғаныс шебін жылдамдықпен бұзып өтетін шабуылшылар қажет. Бұл бағытта «Брайтоннан» Игор Жулио өзінің медициналық тексерісінен өтіп жатса, «Лидстен» Ларджи Рамазанидің келуі де күтілуде. Шабуыл шебіне жасалып жатқан бұл толықтырулар соңғы матчтарда қапталда белсенді өнер көрсетіп жүрген 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың бәсекелестігіне де тікелей әсер етпек.
Сонымен қатар, Хайен команданың үздік сұрмергені Зиан Флеммингке өзге клубтар тарапынан қызығушылық бар екенін растады:
«Әрине, трансферлік терезе жабылғанша клубтар өзара келіссөз жүргізеді. Флеммингтің өз құны бар. Маған қалса, Зианды командада қалдырғанды қалаймын, өйткені ол біз үшін маңызды ойыншы. Бірақ кез келген футболшы жоғары деңгейде ойнауға ұмтылады, ал өзге клуб ұсынылған трансферлік құнды төлесе, оны ұстап қалу қиын болады. Егер ол кететін болса, біз оның орнына тікелей толыққанды шабуылшы табуымыз керек», – деді Хайен.
Бас бапкер сондай-ақ, Джо Уорраллдың «Рексемге» ауысуына қатысты пікір білдіріп, командаға өз болашағын «Бернлимен» 100 пайыз байланыстыратын ойыншылар ғана қажет екенін жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі таңда ұжымға тәжірибелі ардагерлер мен дарынды жастар арасындағы теңгерімді сақтау өте маңызды.
18 жастағы қазақстандық форвард Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында лондондық «Челсиден» жалға алу құқығымен өнер көрсетеді. Чемпионшиптің соңғы турында «Норвичке» қарсы өткен кездесуде (1:4) Сәтпаев негізгі құрамда шығып, толық 90 минут бойы өнер көрсетті. Төрт сәтті алдап өту және үш шешуші пас жасаған ол Flashscore сараптамалық порталының нұсқасы бойынша 7.5 бағасымен өз командасындағы ең үздік ойыншы атанған болатын.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.