Луиш Нани Ақтөбеде көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

Автор
Fonteam редактор
Автор
02.09.26, 10:04
«Ақтөбе» клубының жұлдызды жартылай қорғаушысы Луиш Нани қайырымдылық акциясына қатысып, көпбалалы отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыстады. Салтанатты кездесу Ақтөбедегі Орталық стадионда өтті.
Луиш Нани Ақтөбеде көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
Луиш Нани. Фото: "Ақтөбе" ФК

39 жастағы португалиялық футболшы бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген ата-анамен және олардың алты баласымен кездесті. Отбасында әкесі жақындарын асырау үшін демалыссыз еңбек етсе, анасы ауыр жұмыс істей алмаған. Нани балалармен естелікке суретке түсіп, өзінің қолтаңбасы қойылған клубтық жейдесін сыйға тартты және меншікті үйлерінің кілтін тапсырды. Бұл әлеуметтік жоба қазақстандық «Харекет» қоғамдық қайырымдылық қорымен бірлесе жүзеге асырылды.

«Осынау үлкен отбасыны шын жүректен құттықтаймын. Бұның сіздер үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Жастық шағымда мен де өте кедей болдым, отбасымыз үлкен еді, бауырларым көп болды және бәріміз шағын ғана бір үйде тұрдық. Жаңа баспанаға көшуге мүмкіндік туғанда, дәл қазір сіздер сезініп отырғандай күй кешкен едім. Эмоцияларыңызды өте жақсы түсінемін және сіздер үшін қуаныштымын, себебі бұл мені өмірімнің белгілі бір кезеңіне қайта апарады. Адамдарға қуаныш сыйлап, олардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге көмектесе алсам, бұған шын мәнінде бақыттымын. Сіздерге бар жақсылықты және мықты денсаулық тілеймін», – деді Нани.

«Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының бұрынғы вингері Луиш Нани 2026 жылдың 25 қаңтарында кәсіби мансабын қайта жаңғыртып, маусым соңына дейін келісімшартқа отыру арқылы ресми түрде «Ақтөбе» сапын толықтырды. Ағымдағы маусымда португалиялық футболшы ақтөбелік клуб сапында 20 матч өткізіп, өзінің еншісіне үш гол мен төрт нәтижелі пас жазды.

«Харекет» қоғамдық қайырымдылық қоры Қазақстанда «1000 теңгеге баспана» ұранымен жұмыс істейді және аз қамтылған, сондай-ақ баспанаға аса мұқтаж отбасыларға жеке үйлеріне қол жеткізуге көмектеседі.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

02.09.26, 10:04

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
55
2
Қайрат
48
3
Астана
42
4
Оқжетпес
39
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
31
8
Жеңіс
29
9
Тобыл
28
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17