"Барселонадағы" алғашқы қазақтың әкесі мәлімдеме жасады

Автор
Fonteam редактор
Автор
05.05.26, 11:07
Испанияның «Сан-Кугат» клубында ойнайтын шабуылшы Карим Мендикановтың әкесі Руслан оның «Барселона» жүйесіндегі басты мақсатын атады, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Барселонадағы" алғашқы қазақтың әкесі мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден

Испанияның «Сан-Кугат» клубында ойнайтын шабуылшы Карим Мендикановтың әкесі Руслан оның «Барселона» жүйесіндегі басты мақсатын атады, деп хабарлайды Aladop.kz.

— Карим — «Барселона» жейдесін киген тарихтағы алғашқы қазақ. Сіздің ойыңызша, бұл еліміздегі басқа жас футболшыларға қандай серпін береді?

— Каримнің жетістігі тамаша мотивация болады. Оған қарап, басқа балалар өздеріне сенуі керек, еңбектену қажет екенін түсініп, мұндай биіктерге жету әбден мүмкін екенін ұғынуы тиіс.

— Каримнің алдына қойған басты мақсаты қандай?

— Негізгі мақсат — «Барселонаның» негізгі құрамына ену, Ямаль секілді ойыншылармен бірге ойнау. Қазір Карим ұлттық құрамада өзінен бір жас үлкен жігіттермен бірге өнер көрсетіп жүр.

Ақпан айының басында Мендиканов «Барселонамен» келісімшартқа қол қойып, каталондық клуб тарихындағы алғашқы қазақстандық атанды. Үш жылдық келісім 18 ақпанда рәсімделді. Футболшы осы жылдың жазында каталондықтардың академиясына қосылып, клубтың жастар жүйесінде ойнай бастайды.

25 сәуірде Мендиканов Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-17) сапында Даму кубогында дебют жасап, команда Пәкістанды 4:1 есебімен жеңді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
18
2
Ордабасы
18
3
Оқжетпес
15
4
Ұлытау
14
5
Елімай
13
6
Астана
12
7
Жетісу
12
8
Қызылжар
11
9
Атырау
10
10
Ақтөбе
10
11
Жеңіс
10
12
Ертіс
6
13
Қайсар
6
14
Тобыл
5
15
Алтай
4
16
Каспий Ақтау
4