Ресейлік талдаушы әрі Sports.ru сайтындағы «Тоттенхэм Хотспур» блогының авторы Михаил Елисеев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Скотт Маннның АПЛ-дағы жұмысы туралы пікір білдірді.
«Екі жыл жұмыс істеген Манн командадағы қайта құру жұмыстарының нақ ортасында кетіп қалды. Еуропа лигасындағы жеңіске қарамастан, маусымның екінші жартысындағы сәтсіздік пен АПЛ-дағы 17-орын бәріне ауыр соққы болды. Ол медициналық штабты реструктуризациялауды жоспарлап, департамент басшысын ауыстырды, бірақ оның «Тоттенхэмге» ұсынған идеяларының бір бөлігі бәрібір қабылданбады.
Жастарды дамытуға келсек, ұзақ мерзімді жұмысқа бағытталған курс байқалды: Арчи Грей, Лукас Бергвалль, Вильсон Одобер сияқты ойыншылар сатып алынды... Сонымен қатар құрам тым ісініп кетті – керек емес футболшыларды сату мүмкін болмады, ал негізгі құрамға сапалы ойыншылар жетіспеді. Осылайша Манн қазіргі сәтті уысынан шығарып алды», – деді сарапшы.
Еске сала кетейік, 52 жастағы маман Скотт Манн ҚФФ-ның жаңа бас хатшысы болып тағайындалды. Ол қызметіне 13 шілдеде кіріседі. Бұған дейін австралиялық маман «Тоттенхэмнің» спорттық директоры және «Манчестер Ситидің» халықаралық қатынастарды дамыту бөлімінің қызметкері болған.