Жақын матчтар
Қазақстан әлем чемпионатын 13:1 есебімен бастады
Қазақстан құрамасы Германияның Эссен қаласында соккадан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Иракты ойсырата жеңді.
Азамат Сейфуллин покер жасады
H тобының бірінші турында Қазақстан құрамасы Иракпен кездесіп, 13:1 есебімен басым түсті.
Матчтың басты қаһарманы Азамат Сейфуллин болды. Ол қарсылас қақпасына төрт гол соқты. Анарбек Мелісбек пен Ержан Жарлығағанов екі реттен мергендік танытты.
Қазақстан сапындағы өзге голдарды Ғалым Райханов, Төрехан Досов, Александр Сергейчук, Диас Егінжанов және Олжас Тайбасаров соқты.
Қазақстан – әлемдік рейтинг көшбасшысы
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына әлемдік рейтингтің бірінші нөмірі әрі Еуропаның қазіргі вице-чемпионы мәртебесінде келді. Иракқа қарсы нәтижелі ойын ұлттық команданың турнирдегі басты фавориттердің бірі екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші матчын 30 тамызда Түркияға қарсы өткізеді.
H тобында Қазақстан, Ирак, Түркия, Бельгия және Гаити құрамалары өнер көрсетіп жатыр. Топтағы тағы бір кездесуде Түркия мен Бельгия 2:2 есебімен тең түсті.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ