«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев футбол тарихына есімін жазды. Ол Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас қазақстандық футболшы атанды.
16 жастағы форвард Словенияның «Олимпиясына» қарсы сырт алаңдағы матчтың 59-минутында мергендік танытты. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Жауапты кездесу 15 шілдеде Алматыда өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы екінші іріктеу кезеңінде КуПС (Финляндия) – «Милсами» (Молдова) кездесулерінің жеңімпазымен кездеседі. Айта кетейік, алғашқы ойында КуПС 1:0 есебімен басым түсті.
Жаңа еурокубоктық маусымда Қазақстаннан «Қайратпен» қатар «Астана», «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтары да сынға түседі.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.