«Ақтөбенің» бас бапкері Штефан Таркович Қазақстан Премьер-Лигасының сегізінші турындағы «Ордабасынан» (0:2) жеңілістен кейін пікір білдірді.
— Мұндай нәтиже — үлкен көңілсіздік. Матчты нашар бастадық, қателік жібердік, дегенмен біз бұған дайындалған едік. Бірақ сол қателікке реакциямыз жаман болған жоқ. Менің ойымша, ойын тең өтті. Дегенмен бізге қозғалысты күшейтіп, шабуылдарды жоғары деңгейде дамыту қажет. Екінші таймда ойынға қайта оралу үшін бірнеше жақсы мүмкіндігіміз болды, бірақ гол соға алмадық. Ал қосымша уақытта біз бар күшімізбен алға шықтық та, екінші голды өткізіп алдық. Әрине, егер ойынды бақылауда ұстағымыз келсе, соңғы фазадағы ойынымызды жақсартып, жалпы деңгейімізді көтеруіміз керек, — деді Таркович.
Сегіз турдан кейін ҚПЛ-2026 маусымында «Ақтөбе» 10 ұпаймен турнир кестесінде 10-орында тұр, ал «Ордабасы» 18 ұпаймен екінші орында келеді.