Қазір 25 жастағы қақпашының «ПСЖ»-мен келісімшарты 2026 жылдың маусымына дейін күшінде.
Италиялық қақпашы Джанлуиджи Доннарумманың агенті Винченцо Райола шәкіртінің маусымдағы рөліне жоғары баға беріп, оның «Алтын допқа» лайық екенін мәлімдеді.
«Меніңше, Джанлуиджи Доннарумма “Алтын допты” алуы керек. Усман Дембеле командаға көп көмектесті, бірақ “ПСЖ” “Ливерпуль”, “Астон Вилла” және “Арсеналға” қарсы өткен шешуші матчтарда Доннарумманың сэйвтері болмаса, Чемпиондар лигасын жеңе алмас еді», – деді агент.
Қазір 25 жастағы қақпашының «ПСЖ»-мен келісімшарты 2026 жылдың маусымына дейін күшінде. Агенттің айтуынша, тараптар маусым соңында жаңа келісім бойынша келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.
«Бұл маусым – клуб тарихындағы ерекше кезең. Ең бастысы – соңына дейін жеткізу. Содан соң келешек туралы келісімге келуге тырысамыз», – деп түйіндеді Райола.