«Мен Қазақстанда дүниеге келдім, бірақ 6 жасымнан 18 жасыма дейін Англияда тұрдым. Футболдағы алғашқы қадамдарымды сонда бастап, ойыншы ретінде сонда қалыптастым. Сондай-ақ Испанияда да ойнадым. Қызылордада жүргеніме алғашқы ай ғана болды, бірақ бұған дейін Араб Әмірліктері мен Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына қатысып үлгердім.
Бұл – менің кәсіби деңгейдегі дебютім. «Қайсар» мені өте жақсы қарсы алды – командаластарыммен және бапкерлермен жылы қарым-қатынас орнады. Бұл жерге өсіп-өну үшін келдім, өйткені ҚПЛ тартысты күресімен және тік футбол стилімен ерекшеленеді», – деді 22 жастағы вингер.
Айта кетейік, Абылайхан Серікбаев «Қайсар» сапына легионер ретінде қосылды, өйткені оның Ұлыбритания азаматтығы бар. Ол 2025 жылы испаниялық «Леганес» клубының жастар командасында өнер көрсеткен. Шабуыл шебінен бөлек, қанаттағы қорғаушының да міндетін атқара алады.
Еске сала кетейік, 17 ойынның қорытындысы бойынша Андрей Ферапонтовтың шәкірттері турнирлік кестеде 10-орында келеді. ҚПЛ-дың соңғы төрт матчында «Қайсар» екі рет жеңіске жетіп, екі рет тең түсті.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.