Сырт алаңдағы кездесу алдында ағылшындық клуб ауыр кадрлық тапшылыққа тап болды: жарақат салдарынан негізгі құрамның бірден 9 футболшысы өтінімге кіре алмайды, ал тағы 4 ойыншының алаңға шығуы сұрақ астында тұр.
Созылып кеткен жеңіссіз серия фонында (команда лигада ақпан айынан бері жеңіске жетпеген және жаңа маусымда бар-жоғы бір ұпай еншіледі) әрі нәтижелілік мәселелеріне байланысты бас бапкер Ники Хайен құрамды ротациялауға мәжбүр. Бұл 18 жастағы қазақстандық футболшыға негізгі құрамға кіруге тікелей жол ашады.
Жарақаттар эпидемиясы клубтағы күрделі кезеңмен тұс келді. «Бернли» ойыншылары, соның ішінде жартылай қорғаушы Аарон Рэмзи жеңістің жоқтығынан психологиялық қысым бар екенін мойындайды, бірақ команда жаттығуларда қарқынды жұмыс істеп жатқанын және жағдайды өгерту үшін алғашқы табысты ойынды күтіп отырғанын атап өтті.
Бұған дейін «Брэдфорд Ситиге» қарсы кубоктық матчта Сәтпаев алғаш рет бастапқы құрамда өнер көрсетіп, 80 минут ойнады, 4 рет допты тартып алды және Sofascore сарапшыларынан 7.1 бағасын алды (командадағы үшінші көрсеткіш). Ники Хайен шабуылшының қақпаға қауіп төндіруін және бастаманы өз қолына алу қабілетін ашық мақтаған болатын.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.