Қазақстандық төреші алғаш рет Чемпиондар лигасында VAR бөлмесінде жұмыс істейді

Автор
Fonteam редактор
Автор
08.07.26, 17:40
Жаңа еурокубоктық маусымның басталуымен қазақстандық реферилер УЕФА аясындағы додаларға халықаралық тағайындаулар алды.
Қазақстандық төреші алғаш рет Чемпиондар лигасында VAR бөлмесінде жұмыс істейді
Сурет: ашық дереккөздерден

Отандық төрешілер бригадасы УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы молдовалық «Петрокуб» пен албаниялық «Эгнатия» арасындағы матчқа қызмет етеді. Кездесу 8 шілде күні Кишиневте өтеді.

Ойынның бас төрешісі болып Саят Қарабаев бекітілді. Оған сызық бойында ассистенттер Дмитрий Белоградов пен Юрий Тихонюк көмектеседі, ал резервтік төреші міндеті Данил Гордаға жүктелді. Матчтың басты тарихи оқиғасы – Айдын Тасыбаевтың тағайындалуы болды. Ол УЕФА тарапынан Чемпиондар лигасының матчына бейнеарбитр (VAR) ретінде бекітілген алғашқы қазақстандық рефери атанды.

ҚФФ Төрелік ету және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Каштру да УЕФА-дан шақырту алды. Ол Уэльсте өтетін U-19 жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында төрешілер нұсқаушыларының тізіміне енді.

Еске сала кетейік, 3 шілдеде қазақстандық төреші Татьяна Сорокопудова әйелдер арасындағы U-19 Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіндегі өзінің екінші матчында төрелік етті. Ол Польша және Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы кездесуде бас төреші болды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

08.07.26, 17:40

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11