Бұл туралы бельгиялық журналист Саша Тавольери өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, «Аль-Наср» клубы бразилиялық футболшыны қатарға қосуға ниетті, ал бұл идеяны клубқа қазіргі жұлдыз ойыншысы Криштиану Роналду ұсынған. Португалиялық шабуылшы 2023 жылдан бері осы команда сапында ойнап келеді.
Бұған дейін Родригоға басты үміткер ретінде лондондық «Арсенал» аталған. Ал Сауд Арабиясының клубтары бастапқыда мадридтік команданың басқа бір ойыншысы — Винисиус Жуниорды көздеген болатын.
Айта кетейік, өткен маусымда Родриго «Реал» сапында 53 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. 24 жастағы бразилиялық ойыншы соңғы жылдары «корольдік клубтың» негізгі құрамындағы маңызды тұлғалардың біріне айналған.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.