Шымкент пен Талғар УЕФА даму турнирінің матчтарын қабылдайды

Автор
Fonteam редактор
Автор
24.04.26, 13:20
2026 жылдың сәуір айының соңы мен мамыр айының басында Шымкент пен Талғар қалаларында ұлдар мен қыздар арасында УЕФА даму турнирінің матчтары өтеді.
Шымкент пен Талғар УЕФА даму турнирінің матчтарын қабылдайды
УЕФА

2026 жылдың сәуір айының соңы мен мамыр айының басында Шымкент пен Талғар қалаларында ұлдар мен қыздар арасында УЕФА даму турнирінің матчтары өтеді.

УЕФА Даму турнирлері – бұл жасөспірімдер құрамаларына арналған, ойын тәжірибесін жинақтауға және жас футболшылардың шеберлігін шыңдауға бағытталған халықаралық жарыстар. Қысқа мерзімді турнир аясында командалар ресми жарыстарға барынша жақын жағдайда бірнеше матч өткізеді. Бұл ойыншыларға халықаралық деңгейге бейімделуге және Еуропа чемпионаттарына дайындалуға көмектеседі.

УЕФА осындай турнирлерді өткізуді Қазақстан футбол федерациясына бірінші рет сеніп тапсырып отырған жоқ. Шымкентте Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Пәкістан құрамаларының қатысуымен ұлдар (U-16) арасындағы матчтар өтеді. Талғарда Қазақстан, Израиль, Эстония және Өзбекстан құрамалары бақ сынайтын қыздар (U-16) арасындағы турнир ұйымдастырылады.

Шымкент пен Талғардағы барлық ойындар KFF TV YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Шымкенттегі ұлдар арасындағы УЕФА даму турнирінің кестесі:

25 сәуір

10:30 – Ресей – Әзербайжан

15:30 – Қазақстан – Пәкістан

27 сәуір

10:30 – Ресей – Пәкістан

15:30 – Қазақстан – Әзербайжан

30 сәуір

10:30 – Пәкістан – Әзербайжан

15:30 – Қазақстан – Ресей

Талғардағы қыздар арасындағы УЕФА даму турнирінің кестесі:

3 мамыр

10:30 – Қазақстан – Эстония

15:30 – Өзбекстан – Израиль

5 мамыр

10:30 – Эстония – Өзбекстан

15:30 – Қазақстан – Израиль

8 мамыр

10:30 – Израиль – Эстония

15:00 – Қазақстан – Өзбекстан

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

24.04.26, 13:20

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
31
2
Қайрат
27
3
Оқжетпес
24
4
Астана
22
5
Ұлытау
22
6
Елімай
20
7
Ақтөбе
19
8
Жеңіс
16
9
Атырау
15
10
Қызылжар
15
11
Жетісу
14
12
Қайсар
13
13
Тобыл
11
14
Ертіс
9
15
Алтай
9
16
Каспий Ақтау
8