Русланжан Раимбакиев: «УЕФА даму кубогы біз үшін маңызды»

Автор
Fonteam редактор
Автор
24.04.26, 11:09
16 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының аға бапкері Русланжан Раимбакиев 25-30 сәуірде Шымкент қаласында өтетін УЕФА даму кубогына дайындық және ойыншылар тізімі туралы пікір білдірді.
Русланжан Раимбакиев: «УЕФА даму кубогы біз үшін маңызды»
Сурет: ашық дереккөздерден

 Қазір құрама жоспар бойынша дайындалып жатыр. Жаттығулар жақсы қарқынмен өтуде, 20 сәуірден бастап толыққанды оқу-жаттығу жиынын бастадық. Алдағы күндері тағы бірнеше ойыншы қосылады деп күтіп отырмыз. Бірінші матч Пәкістан құрамасына қарсы өтеді. Қазіргі таңда ешқандай мәселе жоқ, бәрі қалыпты. Бапкерлер штабы күн сайын жаттығумен қатар қарсыластардың ойындарын қарап, талдап жатыр. Бұл турнирде үш ойын өткізетіндіктен біз үшін маңызды.

Құраманың басым бөлігі ҚФФ Академиясының ойыншыларынан жасақталды. Сонымен қатар, «Шахтер», «Астана» және оңтүстік өңірдегі командалардан да футболшылар шақырылды. Тіпті, Германиядағы «Магдебург» пен Испаниядағы «Сан Кугат» клубтарынан да ойыншылар бар. Жалпы, бізге керек ойыншылардың барлығына шақырту жіберілді.

Бірақ кейбір футболшылардың келмеуі мүмкін екенін де алдын ала ескердік. Себебі бұл матчтар FIFA күнтізбесінен тыс уақытта өтеді. Сол үшін құрамда «Қайраттың» ойыншылары жоқ. Олар қазір Швейцария мен Санкт-Петербургтегі турнирлерге дайындалып жатыр. Бапкерлер олардың жүктемесін есепке алып, басқа ойыншыларға мүмкіндік беруді жөн көрді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

24.04.26, 11:09

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
31
2
Қайрат
27
3
Оқжетпес
24
4
Астана
22
5
Ұлытау
22
6
Елімай
20
7
Ақтөбе
19
8
Жеңіс
16
9
Атырау
15
10
Қызылжар
15
11
Жетісу
14
12
Қайсар
13
13
Тобыл
11
14
Ертіс
9
15
Алтай
9
16
Каспий Ақтау
8