Каталондық клубта ойыншы «көкшіл-анарлылардың» негізгі шабуылшысы Рафинья құрамда болмаған сәттерде өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алмады деп есептейді. Әсіресе Чемпиондар лигасының 1/4 финалында мадридтік «Атлетико Мадрид» командасына қарсы матчтардағы ойыны клуб басшылығын көңілінен шығармаған. Енді клуб шабуылды күшейтудің басқа нұсқаларын қарастыруға дайын.
28 жастағы шабуылшы 2025 жылдың шілде айында «Манчестер Юнайтед» клубынан «Барселона» сапына жалға алу негізінде ауысқан. Испаниялық клуб үшін ол барлық турнирде 44 матч өткізіп, 12 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген.
Transfermarkt порталы футболшының құнын €40 млн деп бағалайды.