Англияның Ағылшын Премьер-лигасы 34-туры аясында «Брайтон энд Хоув Альбион» мен «Челси» кездесті. Ойын «Американ Экспресс» стадионында (Брайтон энд Хоув) өтті. Бас төреші — Крэйг Поусон (Оңтүстік Йоркшир). Кездесуде «шағалалар» 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Есепті матчтың 3-минутында Ферди Кадыоглу ашып, алаң иелерін алға шығарды. 56-минутта Джек Хиншелвуд есеп айырмасын ұлғайтты. Ал 90+1-минутта Дэнни Уэлбек үшінші голды соқты.
Осы кездесуден кейін «Брайтон энд Хоув Альбион» 50 ұпаймен турнирлік кестеде алтыншы орынға көтерілді. Ал «Челси» 48 ұпаймен жетінші орында тұр.