Лэмпард басқарған "Ковентри Сити" Чемпионшиптің жеңімпазы атанды

Автор
Алихан Ибраев
Автор
22.04.26, 12:30
«Ковентри Сити» клубы, Фрэнк Лэмпардтың жетекшілігімен, 2025/2026 маусымындағы ағылшын Чемпионшипының жеңімпазы атанды.
Лэмпард басқарған "Ковентри Сити" Чемпионшиптің жеңімпазы атанды
Френк Лэмпард

Сейсенбі кешінде «Ковентри» «Портсмутты» 5:1 есебімен тас-талқан етіп жеңіп, маусым аяқталуына екі тур қалғанда турнир кестесінің шыңында қарсыластарына жетпес көрсеткішке қол жеткізді.

Ал өткен демалыс күндері «Блэкберн Роверспен» 1:1 есебімен тең ойнап, клуб мерзімінен бұрын ағылшын Премьер-лигасына жолдама алды. «Ковентри» бұл лигада соңғы рет 25 жыл бұрын өнер көрсеткен еді.

Команданың бас бапкері Фрэнк Лэмпард Чемпионшиптің маусымдағы үздік жаттықтырушысы атанды.

Лэмпард «Ковентриді» 2024 жылдың қараша айынан бері жаттықтырып келеді. Бұған дейін ол «Дерби Каунти», «Челси» және «Эвертон» клубтарында жұмыс істеген.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

22.04.26, 12:30

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8