Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы
Ресми серіктестік · 2026/27 маусымы «Fonteam» ақпарат агенттігі «Барыс» ХК серіктесі атанды hcbarys.kz

Жақын матчтар

Қытайда Криштиану Роналдудың алып мүсіні орнатылды

Қытайдың Шанхай қаласында футбол жұлдызы Криштиану Роналдуға арналған жеті метрлік алып мүсіннің тұсауы кесілді. Ескерткіш португалиялық шабуылшының гол соққаннан кейін орындайтын әйгілі «Siuuu» қимылын бейнелейді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Қытайда Криштиану Роналдудың алып мүсіні орнатылды
Сурет: ашық дереккөздерден

Бұл – Роналдуға арналған әлемдегі ең үлкен тұрақты мүсін екені айтылды. Салтанатты ашылу рәсіміне футболшының ағасы Угу Авейру мен жақын досы Мигел Пайшау қатысты.

Монументте 41 жастағы Роналду Португалия құрамасының жейдесін киіп, арқасына жетінші нөмірді алған күйде бейнеленген. Мүсін Шанхайдың танымал Шығыс Нанкин көшесінде орналасқан жаңа CR7 музейінің маңына қойылды. Ашылу рәсіміне жиналған жанкүйерлер футболшының әйгілі қимылын қайталап, «Siuuu» деп ұрандатты. 

Алып мүсіннің ашылуы португалиялық жұлдыздың мансабына арналған CR7 музейінің іске қосылуымен тұспа-тұс келді. Аумағы шамамен 3 мың шаршы метрді құрайтын музейде 40-тан астам жәдігер, соның ішінде жүлделері, ойын жейделері мен бутсылары қойылған.

Көрменің бір бөлігі Роналдудың балалық шағына арналған. 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жеті метрлік мүсін Шанхайда 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін тұрады. Ал музей келушілер үшін бір жыл бойы ашық болады деп жоспарланған.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.