Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы
Ресми серіктестік · 2026/27 маусымы «Fonteam» ақпарат агенттігі «Барыс» ХК серіктесі атанды hcbarys.kz

Жақын матчтар

«Барыс» үшінші матч қатарынан жеңіліс тапты

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Барыс» өз айдынында Минсктің «Динамосын» қабылдап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
1 минут оқу
«Барыс» үшінші матч қатарынан жеңіліс тапты
Сурет: ашық дереккөздерден

Матчтың бірінші кезеңі тартысты өткенімен, командалар есеп аша алған жоқ. Ал, екінші кезеңде астаналықтар қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, Джастин Бейли 30-минутта дәл соққысымен көзге түсті. Дегенмен, кезең аяқталғанға дейін «Динамо» ойыншысы Сэм Анас таразы басын теңестірді және командалар үзіліске 1:1 есебімен кетті.

Шешуші үшінші кезеңде де ойындағы басымдық «Барыста» болған. Алайда, Краваец шәкірттері өздеріне берілген мүмкіндікті пайдалана алмай жатты. Есесіне 49-минутта Сэм Анас дубль авторы атанып, командасына жеңіс сыйлады.

Турнирлік жағдай қандай?

Айта кету керек, астаналық клуб соңғы үш матчта жеңілді. 29 матчтан кейін 29 ұпай жинап, турнир кестесінің сегізінші сатысына жайғасқан.

Келесі ойынды «Барыс өз айдынында «Северстальға» қарсы өткізеді. 

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.