«Рақмет, бірақ өзімді солардың қатарында елестету қиын. Мұндай сезімді ешқашан бастан кешірмедім. Мен жер бетіндегі миллиардтаған адамның бірімін. Маған тек футбол ойнап, сүйікті ісіммен айналысу бақыты бұйырды. Бірақ мен өзімді Пеле мен Марадонаның деңгейіндегі тұлға деп ешқашан сезінген емеспін», – деді Баджо сұхбатында.
Роберто Баджо – италиялық футболдың символына айналған ерекше тұлғалардың бірі. Ол 1994 жылғы әлем чемпионатының финалына дейін жеткен Италия құрамасының көшбасшысы болды. «Фиорентина», «Ювентус», «Милан», «Интер» сынды алып клубтарда өнер көрсетті. Алайда бүкіл мансабының биігіне қарамастан, ол бойындағы қарапайымдылығын жоғалтпағанын көрсетіп отыр.
Айта кетейік, Баджо жуырда АҚШ-та өтіп жатқан клубтық әлем чемпионатында Лионель Мессимен кездесіп, оған өз жейдесін сыйға тартты. Аргентина капитаны бұл сәтті әлеуметтік желіде бөлісіп, Баджоны «футбол аңызы» деп атады.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.