Қазақстандық клуб дивизионда төмендетілуі мүмкін

Автор
Fonteam редактор
Автор
20.04.26, 05:40
ҚФФ-ның Бақылау, тәртіп және этика комитетінің (КДЭК) 14 сәуірде өткен отырысында «Хан-Тәңірі» ФК өкілдерінің қызметтік тексеру барысында UEFA «C» санатындағы жаттықтырушы лицензиясын растау кезінде жалған құжаттар пайдаланғаны туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды KFF.kz.
Қазақстандық клуб дивизионда төмендетілуі мүмкін
Сурет: ашық дереккөздерден

Іс материалдарын қарау барысында КДЭК «Хан-Тәңірі» ФК ҚФФ-ның талаптарын орындамағанын, қызметтік тексерудің жүргізілуіне кедергі келтіргенін және ынтымақтастықтан бас тартқанын анықтады. Тәртіптік регламенттің 61-бабы 1-тармағына сәйкес келесі шаралар қабылданды:

— «Хан-Тәңірі» футбол клубына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұл 14 мамырға дейін төленуі тиіс;

— Клуб белгіленген мерзімде ҚФФ-ның жарыстар қауіпсіздігі және адалдық қызметіне сұратылған құжаттар мен жазбаша түсініктемелерді ұсынуға міндеттелді;

— Осы шешім орындалмаған жағдайда клубқа қосымша санкциялар қолданылуы мүмкін, соның ішінде ұпайларды шегеру, дивизионды төмендету, сондай-ақ жауапты тұлғаларға футбол қызметімен айналысуға тыйым салу.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
14
2
Ордабасы
12
3
Елімай
12
4
Қызылжар
11
5
Оқжетпес
11
6
Ұлытау
11
7
Астана
9
8
Жетісу
8
9
Атырау
7
10
Ақтөбе
7
11
Ертіс
6
12
Жеңіс
6
13
Қайсар
4
14
Алтай
3
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1