29 жастағы футболшы өткен жылдың қыркүйегінде тұрақты ойын тәжірибесін алу үшін төртінші лигада өнер көрсететін клубқа ауысқан болатын. Ол маусым барысында 27 матчқа қатысып, сегіз нәтижелі пас берді. Негізгі позициясы – шабуылдаушы жартылай қорғаушы болғанымен, қажет кезде сол қапталдағы қорғаушы қызметін де атқара алады.
34 турдың қорытындысы бойынша «Вюрцбургер Кикерс» турнирлік кестеде екінші орын алып, келесі маусымнан бастап Германияның үшінші дивизионында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл жолдама үшін түп-тамыры Қазақстанмен байланысты Артур Деграф ойнайтын «Бавария II» командасы да таласты. Алайда мюнхендік клубтың резервтік ұжымы сегізінші орынға табан тіреді.
Филипп Окс – Солтүстік Қазақстан облысындағы Розовка ауылынан шыққан адамдардың ұрпағы. Бұған дейін ол Германияның «Бохум» және «Ганновер» клубтарында өнер көрсеткен. Футболшының қазіргі клубымен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Ол Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше клубына ұсынылған.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.