Месси өзін ПСЖ-де бөтен адамдай сезінген — L’Équipe

Автор
Fonteam редактор
Автор
29.06.25, 09:04
Францияның беделді басылымы L’Équipe Лионель Мессидің «Пари Сен-Жермен» сапындағы кезеңіне қатысты жаңа мәліметтер жариялады.  
Месси өзін ПСЖ-де бөтен адамдай сезінген — L’Équipe
Фото: © Lionel Hahn / Contrib

Журналистердің жазуынша, аргентиналық жұлдыз өзін клуб ішінде шеттетілгендей сезінген. Месси ПСЖ басшылығы Килиан Мбаппені барынша қорғап, қолпаштап отыр деп есептеген.

«Месси Парижде өзін еркін сезіне алмады. Ол Неймар мен Мбаппе арасындағы тартыстың дәл ортасында қалды. Клубтың барлық назары Килианға ауды. Тіпті Месси Аргентинамен әлем чемпионы атанғанда да, бұл жетістік ПСЖ тарапынан елеусіз қалғандай болды», — дейді басылымға пікір білдірген дереккөз.

Ал Барселонадағы өмір мүлде басқа болған. Онда Месси тек футболда ғана емес, күнделікті өмірде де еркін жүріп-тұрып, балаларын өзі мектепке апарып, қаланың тынысынан ләззат алып жүрген.

«Каталонияда ол — пір тұтатын тұлға еді. Парижде — бақылаудағы адамға айналды. Бір қарағанда ұсақ-түйек көрінген жайттар ұзақ уақыт ішінде жинақталып, оның клубтан кетуіне себеп болды», — дейді сұхбат берген адам.

Еске сала кетейік, Лионель Месси ПСЖ құрамында 2021–2023 жылдар аралығында өнер көрсетті. Франция чемпионатында екі мәрте топ жарғанымен, жанкүйерлермен және клуб ортасымен ара-қатынасы суып, көп ұзамай командадан кеткен болатын.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
26
2
Ордабасы
25
3
Оқжетпес
22
4
Астана
18
5
Ұлытау
18
6
Елімай
17
7
Ақтөбе
15
8
Атырау
13
9
Жетісу
13
10
Жеңіс
13
11
Қызылжар
12
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8