Қазақстандық футболшы Бельгия чемпионы атанды

Автор
Алихан Ибраев
Автор
19.04.26, 07:38
16 жастағы шабуылшы Шахмұрат Дәулетов «Генк» U-18 сапында мерзімінен бұрын Бельгия чемпионы атанды.
Қазақстандық футболшы Бельгия чемпионы атанды
Сурет: ашық дереккөздерден

одкаст

Видео

 

Қазақша

Русский

 

Басты бет

Басқа жаңалықтар

 

Қазақстандық шабуылшы Еуропада чемпион атанды

19 сәуір, 10:15

 

Әлишер АманжолӘлишер Аманжол

Қазақстандық шабуылшы Еуропада чемпион атанды

Фото: Шахмұрат Дәулетов

 

16 жастағы шабуылшы Шахмұрат Дәулетов «Генк» U-18 сапында мерзімінен бұрын Бельгия чемпионы атанды, деп хабарлайды ASnews.kz.

 

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы футболшысы жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінің 20-туры аясындағы «Шарлеруаға» қарсы матчқа қатысты. Оң қанаттағы вингер 76 минут ішінде екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Осылайша ол командасына 7:0 есебімен ірі жеңіске жетуге көмектесті.

 

Қорытындысында, «Генк» соңғы жеті жылда алтыншы рет «алтыннан» алқа тақты. Дәулетовтің еншісінде бес гол мен төрт ассист бар.

 

Қоса кетейік, ең оптимистік болжам бойынша қазақстандық футболшы алдағы бірнеше ай ішінде ұлттық құрама сапында алаңға шығуы мүмкін. Бүгінгі таңда ол Бельгияда тұруға ықтиярхат алу рәсімдерімен айналысып жатыр:

 

«Шахмұрат тек Қазақстанның намысын қорғайды – Бельгия мен Түркия нұсқалары тіпті қарастырылмайды да. Енді балам Еуропада кедергісіз жүріп-тұруы үшін тұруға ықтиярхат алуы керек», – деген еді Дәулетовтің әкесі Садыржан ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.

Бұған дейін қапталдағы шабуылшыға хорватиялық «Динамо», италиялық «Интер», сондай-ақ нидерландтық «Аякс» пен ПСВ қызығушылық танытқан болатын.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
14
2
Ордабасы
12
3
Елімай
12
4
Қызылжар
11
5
Оқжетпес
11
6
Ұлытау
11
7
Астана
9
8
Жетісу
8
9
Атырау
7
10
Ақтөбе
7
11
Ертіс
6
12
Жеңіс
6
13
Қайсар
4
14
Алтай
3
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1