Юрген Клопп клубтар арасындағы жаңа әлем чемпионаты форматын сынға алды

Автор
Fonteam редактор
Автор
28.06.25, 12:49
Қазір АҚШ-та 32 команда қатысып жатқан клубтық әлем чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылып жатыр.
Юрген Клопп клубтар арасындағы жаңа әлем чемпионаты форматын сынға алды
GQ Russia

Алайда бұрынғы «Ливерпуль» бапкері бұл форматты қатаң сынады:

«Бұл – футбол тарихындағы ең сәтсіз шешімдердің бірі. Иә, кейбір клубтар үшін қатысу ақысы өте жоғары, бірақ ол барлық командаға бірдей емес.

Былтыр – Америка кубогы мен Еуро, биыл – клубтық әлем чемпионаты, ал келесі жылы – әлем чемпионаты. Бұл дегеніміз ойыншылардың толыққанды демалуға мүмкіндігі жоқ.

Иә, олар жақсы табыс табады. Бірақ бұл тақырыпты шетке ысырып қойсақ, НБА ойыншылары да көп табыс табады, бірақ жылына төрт ай демалады. Ал Ван Дейк секілді футболшылардың бүкіл карьерасында ондай демалыс болмаған. Мұндай турнирлер ойыншылардың денсаулығының есебінен өтіп жатыр. Мұны ешкімнің басына бермесін.

Келесі маусымда жарақат саны рекордтық деңгейге жетеді деп қорқамын. Егер келесі маусымда емес, әлем чемпионатында немесе одан кейін.

Біз ойыншылар әр матчқа соңғы ойындарындай қарап шықсын деп күтеміз. Жылына 70-75 рет солай талап етеміз. Бірақ бұл ұзаққа бармайды.

Оларға үзіліс беруіміз керек. Егер демалмаса, олар ұзақмерзімді перспективада өз әлеуетін көрсете алмайды. Ал егер ойын сапасы түссе, бұл бүкіл футбол индустриясының құнын жоғалтады.

Менің бүкіл бапкерлік карьерамда бір-ақ рет толық құраммен екі апталық дайындық кезеңі болды. Сол екі жарым аптадан соң біз жыл бойы үш күн сайын матч өткізіп отырдық. Бұл – сұмдық».

 Клопп бұл ойын Welt басылымына берген сұхбатында айтты.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
26
2
Ордабасы
25
3
Оқжетпес
22
4
Астана
18
5
Ұлытау
18
6
Елімай
17
7
Ақтөбе
15
8
Атырау
13
9
Жетісу
13
10
Жеңіс
13
11
Қызылжар
12
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8