Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Сабах» – «Барселона» матчы кезінде жанкүйер қайтыс болды

25 қарашада Бакуде өткен УЕФА Чемпиондар лигасының «Сабах» пен «Барселона» арасындағы матчы кезінде қайғылы оқиға болды. Трибунада отырған ресейлік жанкүйер қайтыс болды.

Алихан Ибраев
Автор ·
1 минут оқу
«Сабах» – «Барселона» матчы кезінде жанкүйер қайтыс болды
Сурет: ашық дереккөздерден

Марқұм — 1987 жылы туған, Ресейдің Красноярск өлкесінен арнайы келген Антон Петрищев. Дереккөз мәліметінше, ол осы оқиғадан небәрі екі күн бұрын 39 жасқа толған.

Оқиға кешкі уақытта, кездесудің екінші таймында Баку Олимпиада стадионында болған. Трибунада отырған жанкүйердің жағдайы кенеттен нашарлап, ол сол жерде көз жұмған. Әзербайжанның Медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару бірлестігінің (TƏBİB) хабарлауынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 20:25-те түскен, алайда дәрігерлер жеткенше ер адам көз жұмған.

Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда марқұмның денесі сараптамаға жіберіліп, оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.