«Ұлытау» шабуылшысы ҚПЛ чемпиондарына ауысуы мүмкін
Жезқазғандық «Ұлытаудың» шабуылшысы Бақдәулет Зульфикаров мансабын шымкенттік «Ордабасыда» жалғастыруы мүмкін.
2026 жылғы маусымда 25 жастағы форвард барлық турнирде 29 матч өткізіп, 11 нәтижелі әрекетпен көзге түсті – сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ол «Ұлытау» намысын биылғы жылдың маусым айынан бері қорғап келеді, клубқа ақтаулық «Каспийден» ауысқан болатын.
Зульфикаров – шымкенттік футболдың түлегі. Бұған дейін ол «Тұран», «Қайсар», «Атырау» және беларусьтік «Энергетик-БГУ» клубтарында өнер көрсеткен.
Еске сала кетейік, өткен маусымның қорытындысы бойынша «Ордабасы» чемпиондық атақ пен Қазақстан Кубогын жеңіп алып, алтын дубль жасады.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ