Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Қазақстан құрамасының экс-бапкері Адиевке ҚПЛ клубтарынан ұсыныс келген

Қазіргі таңда ресейлік бапкер еш бір команданы баптап жатқан жоқ.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
2 минут оқу
Қазақстан құрамасының экс-бапкері Адиевке ҚПЛ клубтарынан ұсыныс келген
Магомед Адиев. Фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев «МЛ Витебск» клубынан кеткеннен кейінгі бапкерлік мансабын жалғастыру нұсқалары туралы айтты, деп хабарлайды «Рейтинг Букмекеров» порталы.

«Клубтармен белгілі бір келіссөздер жүргізілді, бірақ әзірге нақтылық жоқ. Қыркүйек айында бірінші лига мен таяу шетел командаларынан ұсыныстар түсті, алайда мен оларды қабылдауға дайын болмадым. РПЛ клубтарынан ұсыныс келген жоқ», – деді Адиев.

Еске сала кетейік, Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуірінен 2024 жылдың мамырына дейін жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда 21 матч өткізіп (11 жеңіс, 1 тең ойын, 9 жеңіліс), Ұлттар лигасының С дивизионында өз тобында жеңіске жетті және Еуро-2024 жолдамасы үшін өткен өтпелі матчтарда ойнады. Ұлттық құрамадағы жұмысына дейін ресейлік маман қарағандылық «Шахтерді» (2021–2022) баптаған болатын.

Қазақстан құрамасынан кеткеннен кейін Адиев ресейлік «Ахмат», «Химки» және «Крылья Советов» клубтарында жұмыс істеді. Маманның соңғы жұмыс орны «МЛ Витебск» болды, ол бұл клубты 2026 жылдың 28 сәуірінен 22 маусымына дейін басқарды (төрт жеңіс, бір тең ойын және екі жеңіліс).

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.