«Реал» Чемпиондар лигасында ПСВ-ні ойсырата жеңді
Мадридтік «Реал» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді. Нидерландтың ПСВ клубына қарсы өз алаңындағы матчта Жозе Моуринью шәкірттері гол жіберіп алғаннан кейін есепті өзгертіп, қарсыласын 5:1 есебімен ойсырата жеңді.
«Сантьяго Бернабеудегі» бірінші тайм мадридтіктер үшін сәтсіз өтті. 32-минутта Иван Перишич пенальтиді сәтті орындап, қонақтарды үзіліске бір гол басымдығымен алып шықты.
Алайда екінші таймда ойынның сипаты түбегейлі өзгерді. 50-минутта Федерико Вальверде есепті теңестірсе, арада он минут өткенде алаңға қосалқы құрамнан шыққан Джуд Беллингем Зинедин Зиданның мәнеріндегі әсем соққысымен алаң иелерін алға шығарды.
Мадридтіктердің басымдығын Килиан Мбаппе нығайтты. Франциялық шабуылшы 64 және 84-минуттарда гол соғып, дубль жасады. 87-минутта Винисиус Жуниор нидерландтық команда қақпасына бесінші допты енгізіп, матчтың соңғы есебін белгіледі.
УЕФА Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 5-тур
«Реал» (Испания) – ПСВ (Нидерланд) – 5:1 (0:1).
Голдар: Перишич, 32, пенальтиден (0:1); Вальверде, 50 (1:1); Беллингем, 60 (2:1); Мбаппе, 64 (3:1), 84 (4:1); Винисиус, 87 (5:1).
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ