Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

«Арсенал» Чемпиондар лигасында «Боруссияны» жеңе алмады

Лондондық «Арсенал» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда өз алаңында ұпай жоғалтты. Микель Артета шәкірттері «Эмирейтс» стадионында дортмундтық «Боруссиямен» 1:1 есебімен тең ойнады.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
1 минут оқу
«Арсенал» Чемпиондар лигасында «Боруссияны» жеңе алмады
Сурет: ашық дереккөздерден

Алаң иелері кездесудің басында-ақ есеп ашты. 10-минутта швециялық шабуылшы Виктор Дьекереш неміс клубының қақпасына гол соқты. Лондондықтар үзіліске бір доп басымдығымен кетті.

Алайда «Арсенал» бұл басымдығын сақтап қала алмады. Екінші тайм басталғаннан кейін он минут өткенде Максимилиан Байер таразы басын теңестірді. Қалған уақытта қос команда да қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады.

УЕФА Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 5-тур

«Арсенал» (Англия) – «Боруссия» (Германия) – 1:1 (1:0).

Голдар: Дьекереш, 10 (1:0); Байер, 55 (1:1).

 

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.