Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Кенжебек ван ’т Шкиптің жұмысы туралы пікір білдірді

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында алты турда небәрі үш ұпай жинай алды.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
Кенжебек ван ’т Шкиптің жұмысы туралы пікір білдірді
Ғалымжан Кенжебек. Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің соңғы турында Словакиямен өткен матчтан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Шкиптің жұмысы туралы сұраққа жауап берді:

«Мен бапкердің жұмысын бағалай алмаймын, өйткені ойынға арналған нұсқаулар мен тапсырмаларды маған сол кісі береді. Оның жұмысын бағалай алатын басқа адамдар бар. Ол — мен емес», — деді Ғалымжан Кенжебек.

Еске салайық, кездесу «Астана Аренада» өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды. Ресейдің «Ахмат» клубында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек екі нәтижелі пасымен көзге түсті. Алайда команда басымдығын сақтап қала алмады: словакиялықтар қосымша уақытта Лукаш Капралик соққан голдың арқасында есепті теңестірді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңін соңғы, төртінші орында аяқтады. Алты матчта ұлттық құрама үш ұпай жинап, үш рет тең ойнап, тағы үш кездесуде қарсыластарына есе жіберді. Осы уақыт ішінде қазақстандық футболшылар сегіз гол соғып, өз қақпасына 11 гол жіберіп алды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz