Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Жасұлан Әмір ҚПЛ-дегі ең қымбат футболшы атанды

Жасұлан Әмірдің нарықтық құны бірден 2 млн еуроға өскен.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
2 минут оқу
Жасұлан Әмір ҚПЛ-дегі ең қымбат футболшы атанды
Жасұлан Әмір. Фото: "Ордабасы" ФК

"Ордабасы" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмірдің трансферлік құны күрт қымбаттады. Соның арқасында Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат футболшылардың көшін бастады.

Transfermarkt порталының жаңа бағалауына сәйкес, 19 жастағы қазақстандық ойыншының нарықтық құны бірден 2 млн еуроға өскен. Бұған дейін Жасұлан Әмір 500 мың еуроға бағаланды. Қазір бағасы 2,5 млн еуро. Осылайша, жас футболшының нарықтық бағасы бір жаңартудың ішінде бес есе өсті.

ҚПЛ-дегі ең қымбат ойыншылар рейтингінде Жасұлан Әмір бірінші орынды "Астана" клубының босниялық жартылай қорғаушысы Иван Башичпен бөліседі. Башичтің де нарықтық құны 2,5 млн еуро.

Рейтингтің келесі сатыларында "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков пен "Ордабасы" қорғаушысы Ги-Марселен Килама орналасқан. Екі футболшының да трансферлік құны 1,2 млн еуро. Анарбековтің бағасы 400 мың еуроға, ал Киламаның құны 200 мың еуроға өсті.

Нарықтық құны 1 млн еуро болатын футболшылар:

  • Мақсат Әбраев ("Астана")
  • Давид Абагна ("Ордабасы")
  • Жоржиньо ("Қайрат")
  • Пабло Альварес ("Ақтөбе")

Ал 900 мың еуроға Эльхан Астанов, Артур Шушеначев, Даниэль Соса, Виталий Лисакович және Алекса Аманович бағаланған.

Жасұлан Әмірге шетелдік клубтар қызығушылық танытқан

Биылғы маусымда "Ордабасы" ойыншысына шетелдік клубтар да назар аударды. Бұған дейін футболшыға Калининградтың "Балтикасы", Бельгияның "Зюлте-Варегем" және Лиссабонның "Спортинг" клубтары қызығушылық танытқаны хабарланды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz