Жақын матчтар
Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы ойында жеңісті уыстан шығарып алды
Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының алтыншы, қорытынды туры аясында «Астана Аренада» өткен өз алаңындағы матчында Словакия командасымен 2:2 есебімен тең түсті.
Кездесудегі есепті 29-минутта Ғалымжан Кенжебектің қапталдан асырған пасын сәтті түйіндеген «Крылья Советов» шабуылшысы Ислам Чесноков ашты.
Екінші таймда үш гол соғылды
Екінші таймда қонақтар таразы басын теңестірді – 56-минутта шабуылшы Роберт Боженик әуедегі таласта Әділбек Жұмахановтан басым түсіп, допты Стас Покатилов қорғаған қақпаға дарытты. 65-минутта қорғаушы Ян Вороговский ассистенттік дубль жасаған Кенжебектің пасынан кейін алаң иелерін қайта алға шығарды. Алайда қосымша уақытта, 95-минутта словакиялық шабуылшы Адриан Капралик серпілген допқа бірінші жетіп, алыстан тоқтатпай бағыттаған соққысымен қорытынды есепті тіркеді – 2:2.
Алты турдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 ұпай жинап, C3 тобында соңғы орынға тұрақтады. 12 ұпай еншілеген Словакия бірінші сатыдағы орнын сақтап қалды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ