Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Қайраттың» португалиялық легионері клубтағы болашағы туралы мәлімдеме жасады

Португалиялық қорғаушы алматылық ұжым сапында соңғы екі маусым өнер көрсетуде.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Қайраттың» португалиялық легионері клубтағы болашағы туралы мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден

Алматылық «Қайраттың» португалиялық қорғаушысы Луиш Мата клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында команда сапында өткізген екі маусымын қорытындылап, жанкүйерлерге алғыс айтты:

«Сәлем, «Қайрат» жанкүйерлері! Сіздерге осы екі жыл үшін алғысымды айтқым келеді. Бұл керемет болды, сіздер маған осында соншама махаббат пен қолдау көрсетіңіздер. Біз үлкен табыстарға қол жеткіздік: өткен жылы чемпион атандық, Чемпиондар лигасына жолдама алдық, ал биыл – Конференция лигасына шықтық. Осы екі жыл ішінде Алматы мен үшін екінші үйге айналды, сондықтан сіздерге үлкен алғыс айтамын», – деді футболшы.

Жанкүйерлер үшін басты жаңалық ойыншының қазақстандық клубтағы мансабын жалғастыратыны туралы мәлімдемесі болды:

«Білесіздер ме? Сіздер мені келесі жылы да көресіздер, өйткені мен сіздермен бірге қаламын, жігіттер. Мен өте бақыттымын, алдағы матчтарда қолдау көрсетесіздер деп үміттенемін, жаңа маусымда кездескенше!»

Луиш Мата «Қайратта» 2025 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Португалиялық легионер алматылық клуб сапында 79 матч өткізіп, үш гол соқты және тоғыз нәтижелі пастың авторы атанды. 2025 жылы Мата «сары-қаралар» сапында Қазақстан чемпионы атанып, 2025/26 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетті.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz