Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Словакия Қазақстанмен матчта капитаны мен тағы алты ойыншысынсыз ойнайды

Словакия құрамасы Қазақстанға қарсы өтетін УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матч алдында құрамына елеулі өзгерістер енгізді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Словакия Қазақстанмен матчта капитаны мен тағы алты ойыншысынсыз ойнайды
Сурет: ашық дереккөздерден

Астанаға жеті футболшы, оның ішінде команда капитаны Милан Шкриньяр мен мадридтік «Атлетиконың» қорғаушысы Давид Ганцко келген жоқ.

Мұндай шешімге словактардың турнирлік міндетін мерзімінен бұрын орындауы себеп болды. Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түскеннен кейін Словакия С дивизионының үшінші тобында бірінші орынды қамтамасыз етіп, В дивизионына жолдама алды. Осыған байланысты бас бапкер Владимир Вайсс соңғы уақытта клубтары мен ұлттық құрама сапында көп ойын өткізген футболшыларға демалыс беруді жөн көрді.

Қазақстанға қарсы кімдер ойнамайды?

Шкриньяр мен Ганцкодан бөлек, алдағы кездесуге жартылай қорғаушылар Ондрей Дуда, Матуш Беро және Альберт Руснак, сондай-ақ қақпашы Доминик Грейф қатыспайды.

Қорғаушы Мартин Вальент те Астанада алаңға шықпайды. Ол Ұлттар лигасының қазіргі маусымында екінші сары қағазын алып, келесі матчтан шеттетілді.

Құрамадағы тағы бір шығын - Томаш Суслов. Жарақатына байланысты алдыңғы кездесуге қатыса алмаған жартылай қорғаушы ұлттық команданың орналасқан жерінен кетіп, өз клубына оралды.

Бұдан бөлек, жарақат алған Станислав Лоботка, Лео Зауэр, Адам Оберт пен Денис Вавро да Қазақстанға қарсы ойында командасына көмектесе алмайды.

Вайсс неліктен құрамды өзгертті?

Словакия құрамасының бас бапкері алдағы кездесуде қосалқы құрамдағы ойыншылардың мүмкіндігін байқап көргісі келетінін түсіндірді. Команда келесі дивизионға көтерілуді алдын ала қамтамасыз еткендіктен, бұған дейін негізгі құрамға сирек іліккен футболшыларға өзін көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

«Астанада мүмкіндік алған жігіттер оны тиімді пайдаланады деп сенемін. Біз жақсы нәтиже үшін күресеміз», - деді Вайсс.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz