Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«ҚПЛ-дан ұшқанымыз ауыр соққы болды»: Дмитрий Карпов

Қызылордалық ұжымның бас бапкері қызметін атқарушы Дмитрий Карпов Қазақстан кубогы финалын қорытындылады.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«ҚПЛ-дан ұшқанымыз ауыр соққы болды»: Дмитрий Карпов
Виктор Мозес. Фото: "Қайсар" ФК

Қызылордалық «Қайсардың» бас бапкерінің көмекшісі Дмитрий Карпов Қазақстан кубогының финалында «Ордабасымен» болған ойынды қорытындылады:

«Команданы бүгін ғана емес, бүкіл маусым бойы қолдаған жанкүйерлерге алғыс айтамын. Олардың алдында ұятқа қалдық, сол үшін кешірім сұраймыз.

Ойынға келсек, біз «Ордабасының» қаншалықты мықты екенін білдік. Олар лайықты түрде алтын дубль жасады. Бүгінгі ойынның финал, шешуші матч екенін және маңыздылығын түсіндік. Мұнда тек тактика мен физика ғана емес, психология да маңызды рөл атқарады. ҚПЛ-дан ұшып кеткеніміз психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болып тиді. Бұл мәселені еңсеруге тырыстық, бірақ қолымыздан келмеді. «Ордабасы» командасын бүгінгі жеңісімен құттықтаймын», – деді Карпов.

Бапкер сондай-ақ бүгінгі матчқа Виктор Мозестің қатыспау себебін түсіндірді:

«Виктор Мозес таңертеңнен бері өзін жайсыз сезінді. Сондықтан бүгінгі ойынға қатыса алмайтынын айтты».

Қазақстан кубогының финалында «қасқырлар» «Ордабасыдан» 1:4 есебімен жеңілді.

Виктор Мозес бұл матчқа шақыту алған футболщыдардың қатарында болғанымен, алаңға да, марараттау рәсіміне де шықпады. «Қайсар» ҚПЛ-дан ұшып кеткендіктен, бірінші лигадағы легионерлер лимитіне байланысты барлық шетелдік футболшылармен қоштасады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz