Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Ордабасы» Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды

«Ордабасы» Қазақстан кубогінің финалында «Қайсармен» кездесіп, 4:1 есебімен ойсырата жеңіске жетті.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
2 минут оқу
«Ордабасы» Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды
Сурет: ашық дереккөздерден

Осылайша шымкенттік клуб биыл «алтын дубль» жасады. Яғни, ел чемпионаты мен Кубогін қатар жеңіп, ерекше жетістікке қол жеткізіп отыр.

Ойын жайлы

Кубоктің финалы «Түркістан Аренада» өтті. Матч бастала салысымен «Ордабасы» ойыншылары қарсылас қақпасына лап қойып, жан-жақтан қыспаққа алды. Нәтижесінде небәрі жетінші минутта Султанбек Астанов есеп ашты. Ал, 41-минутта Қазақстанның ең үздік сұрмергені Бьорн Йонсен есепті еселеді.

Екінші тайм басында «Қайсар» шабуыл шебін күшейту үшін бірден екі ойыншыны алмастырған. Алайда, Байсуфинов жаттықтыратын қызылордалық командаға бұл көмектескен жоқ. Керісінше, «Қайсар» өз қақпасына тағы екі гол жіберді. 60-минутта Йонсеннің пасын Абагна голға айналдырса, 71-минутта Эльхан Астанов қанжығасын майлады. Ал, 85-минутта «Қайсар» шабуылшысы Агостиньюның айып алаңына асырған пасы байқаусызда қақпаға кіріп кетіп, таблодағы көрсеткіш 4:1-ге жетті. Мұнан кейін қос клубтың жанкүйерлері соғылған гол көрген жоқ.

Осылайша «Ордабасы» Қазақстан кубогін үшінші рет жеңіп отыр. Соңғы рет 2022 жылғы маусымда шымкенттік клуб аталған трофейге ие болған еді.

Ал, «Қайсар» болса биылғы маусымды сәтсіз аяқтады. Қызылордалықтар ҚПЛ-ден «ұшып», Бірінші лигаға төмендеген. Енді Кубоктің финалында да жолы болған жоқ.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz