Жақын матчтар
«Менің міндетім – сенімділікті қайтару»: Сәтпаевтің бапкері мәлімдеме жасады
Ағылшындық «Бернлидің» бас бапкері Фабио Челестини Чемпионшиптің 15-туры аясындағы «Кардифф Ситиге» қарсы матч алдында команданың қазіргі жағдайы мен басты мақсаттары туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Burnley Express басылымы.
Жақында ғана бұл қызметте Ники Хайенді алмастырған 51 жастағы маман дағдарыстан шығу үшін тұрақтылық пен командалық рухтың маңыздылығын атап өтті.
«Біздің жағдайымыз мәз емес. Бірақ біз біргеміз және бұл тығырықтан шығуға тырысып жатырмыз. Басқаша әрекет етуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Менің қазір құрып жатқаным – бір реттік табыс емес, маусымның соңына дейінгі тұрақтылық. Алдымызда 30 матч қалды, ортада 90 ұпай сарапқа салынбақ. Біз енді тұрақсыз ойнай алмаймыз, бірде жоғары, бірде төмен. Әйтпесе, бізде шынымен де қиындықтар болады», – деді Челестини.
Бапкердің айтуынша, қазіргі құрамның басты мәселесі шеберліктің жетіспеушілігінде емес, футболшылардың психологиясында жатыр.
«Команданың класы, әлеуеті бар. Бізде әлеует пен нәтижелілік арасында үлкен алшақтық байқалады, бірақ бұл көбіне сенімділікке байланысты мәселе. Менің қазіргі жұмысым да осыған саяды. Әрбір ойыншыны жекелей алғанда 100 пайыз деңгейінде көру – біздің бірінші міндетіміз. Футболшылардан күтетінім: дәл осы сәтте маған өздеріңіздің 120 пайызыңызды, барлық жақсы қасиеттеріңізді беріңіздер», – деп қосты бапкер.
Айта кетейік, «Бернли» сапында лондондық «Челсиден» жалға алынған қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта жартылай қорғаушы жарақаттан кейін қалпына келуде. Сәтпаев қараша айының соңына таман, халықаралық үзілістен кейін қатарға қосылады деп күтілуде. Ағымдағы маусымда қазақстандық ойыншы жаңа команда сапында 7 матч өткізіп, әзірге нәтижелі іс-әрекетімен көзге түскен жоқ.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ