Жақын матчтар
Молдова Қазақстанмен матч алдында кадрлік дефицитке тап болды
Ұлттар лигасының кезекті метчы 13 қараша күні Кишиневте өтеді.
Молдова құрамасының бас бапкері Лилиан Попеску Ұлттар лигасы аясында Қазақстанға қарсы өтетін кездесу алдында өз командасының құрамындағы мәселелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Moldfootball.com сайты.
«Біз Ион Николаескуды да, Михаил Каймаковты да қатардан көргіміз келді. Өкінішке орай, Каймаков енді ғана қалпына келе бастады, ал Никоға көбірек уақыт қажет. Виталий Дамашкан, өздеріңіз білетіндей, өткен жиынға шақырылған еді. Ол кезде ол өзі үшін клуб бірінші орында екенін айтты. Жеке өзім үлкен айырмашылық көріп тұрған жоқпын», – деді маман.
Айта кетейік, Ұлттар лигасының 5-ші туры аясындағы Молдова мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу 13 қарашада Кишиневте өтеді. Еске салсақ, Астанада өткен қарсыластардың алғашқы ойыны қазақстандық ұжымның 1:2 есебімен жеңілісімен аяқталған еді, ал алаң иелері сапындағы жалғыз голды қорғаушы Нұралы Әліп соқты.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ