Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан кетуі ықтимал

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду 2026/27 жылғы маусым аяқталғаннан кейін Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубынан кетуі мүмкін.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Криштиану Роналду Сауд Арабиясынан кетуі ықтимал
Криштиану Роналду / Фото: © Yasser Bakhsh / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

365Scores басылымының мәліметінше, 41 жастағы футболшы бұл жөнінде команда басшылығына алдын ала ескерткен.

Клуб басшылығы Роналдуды жіберер емес

Дегенмен «Әл-Наср» өз көшбасшысымен қоштасуға асығар емес. Клуб басшылығы бес дүркін «Алтын доп» иегерін келісімшартын ұзартуға және Сауд Арабиясы чемпионатында өнер көрсетуін жалғастыруға көндіруге ниетті.

Сонымен қатар командада Роналдуға арналған ауқымды қоштасу матчын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Егер португалиялық футболшы клубтан кетуді түпкілікті шешсе, басшылық осылайша оның жетістіктері мен команда тарихына қосқан үлесіне құрмет көрсетуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Роналду «Әл-Наср» сапында 2023 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. 2025 жылдың жазында ол саудиялық клубпен келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартқан болатын. Алайда футболшының командадағы болашағына қатысты түпкілікті шешім әзірге жарияланған жоқ.

Бұған дейін, 5 қарашада, Роналду 23 жыл бойы намысын қорғаған Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді. Енді оның клубтық деңгейдегі болашағы да белгісіз болып отыр.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz