Жақын матчтар
Мартин «Ордабасыдағы» болашағы жайлы мәлімдеме жасады
Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин Қызылорданың «Қайсарына» қарсы Қазақстан кубогының финалы алдында өткен баспасөз мәслихатында командадағы болашағы туралы пікір білдірді.
«Келісімшарт 30 қарашаға дейін жарамды»
«Мүлде білмеймін. Келісімшартым 30 қарашаға дейін жарамды, жұмыс істеуге дайынмын және өз міндетімді соңына дейін орындауым керек. Маған бұл жоба қызықты, үлкен құлшыныспен еңбек етіп жатырмын. Командамен бірге тек ертеңгі матч туралы ойлауға назар аудардық. Қалғанын ойын аяқталған кейін басшылықпен талқылаймыз. Қазіргі сәтте мені алдағы кездесуден басқа ештеңе қызықтырмайды», – деді маман.
Айта кетейік, «Ордабасы» мен «Қайсар» арасындағы Қазақстан кубогының финалы 7 қарашада Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді және сағат 16:00-де басталады. Шымкенттік клуб шешуші бәсекеге елдің қолданыстағы чемпионы мәртебесінде келе жатса, «Қайсар» өткен маусымның қорытындысы бойынша Премьер-лигадан шығып калып, Бірінші лигаға түсіп қалды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ