Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Ресми: Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасы сапындағы өнерін аяқтайтынын мәлімдеді.

Ерсін Ерік
Автор ·
3 минут оқу
Ресми: Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады
Криштиану Роналду / Фото: Getty Images Sport / Gettyimages.ru

41 жастағы футболшы бұл туралы әлеуметтік желілерде жарияланған бейнеүндеуінде хабарлады.

41 жастағы шабуылшы қоштасу сөзін Португалия құрамасы сапында өткізген матчтарынан үзінділермен ұштастырған.

«Ұлттық құраманың жетінші нөмірлі жейдесін тапсыратын уақыт келді. Мен бұл жейдені ешқашан тек өзіме тиесілі деп санаған емеспін. Дегенмен 23 жыл бойы оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі стадиондарда абыроймен киіп, қорғадым. Енді оны болашақ ұрпаққа табыстайтын кез келді», – деді Роналду.

Футболшы мұндай қиын шешімдер тек ақылмен емес, жүрекпен де қабылданатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2003 жылдың тамызында басталған жолы өмірін түбегейлі өзгерткен.

Роналду ұлттық құрамадағы жылдарын еске алып, бұл кезең тек матчтар, голдар, рекордтар мен жүлделерден тұрмағанын айтты. Ол үшін ең маңыздысы – Португалия халқының қолдауы мен жанкүйерлердің ықыласы.

«Голдар ұмытылады. Жүлделер музейлерде қалады. Рекордтар ерте ме, кеш пе жаңарады. Бірақ уақыт өшіре алмайтын бір нәрсе бар: адамдардың жүрегінен алған орнымыз», – деді ол.

Шабуылшы ұлттық құрама сапында әрдайым бар күшін салғанын, жеңіске жетіп, тарихта қалуға ұмтылғанын жеткізді. Сонымен қатар мансабында жеңістермен қатар, әлі күнге дейін ауыр еске алатын жеңілістер де болғанын жасырмады.

«Мен қателестім, қиналдым. Кейде португалдықтар күткен нәтижені көрсете алмадым. Бірақ ешқашан берілген емеспін және Португалия атынан өнер көрсеткенім үшін мақтануды бір сәтке де тоқтатқан жоқпын», – деді футболшы.

Роналду командаластарына, жаттықтырушыларға, ұлттық құраманың қызметкерлеріне және отбасына алғыс айтты. Сондай-ақ Португалияға алдағы уақытта да армандай білетін жас қаһармандар қажет екенін атап өтті.

«Бүгін ұлттық құрама сапындағы алаңдағы жолым аяқталады. Мен бұл жолдан басымды тік көтеріп кетіп барамын. Жүріп өткен жолымды және Португалия үшін барымды салғанымды мақтан тұтамын. Бірақ мен ешқашан өз халқымның бір бөлігі болудан қалмаймын. Португалияның әр жеңісіне әлі де алаңдап, жанкүйер болып, бірге қуанамын», – деп түйіндеді ол.

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы алғашқы матчын 2003 жылдың тамызында өткізді. Ұлттық команда сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатында және Ұлттар лигасында екі рет жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Еуропа чемпионаттарының күміс және қола жүлдесін иеленді.

Роналду Португалия құрамасы үшін 234 матч өткізіп, 146 гол соқты. Бұл – ұлттық құрамалар деңгейіндегі рекордтық көрсеткіш.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz