Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Футболшының өліміне себеп болған қақпашы мәлімдеме жасады

«Андорра» клубының қақпашысы Хесус Овоно «Тенерифе» шабуылшысы Хесус де Мигельдің қазасына байланысты көңіл айтты.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
Футболшының өліміне себеп болған қақпашы мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден

Қайғылы оқиғадан кейін алғаш рет пікір білдірген футболшы өміріндегі ең ауыр күндерді бастан өткеріп жатқанын жеткізді.

«Бұл – өмірімдегі ең ауыр күндер. Не айтарымды білмеймін, болған жайтты қабылдау да өте қиын. Хесустен айырылғанымыз жаныма қатты батады. Мен ол туралы, оның отбасы және оны жақсы көрген жандар туралы ойлап жүрмін», – деді қақпашы.

Сондай-ақ Овоно алдағы уақытта көптеген мәселе қаралатынын түсінетінін және қабылданатын шешімдерге құрметпен қарайтынын атап өтті.

«Алда талқыланатын мәселелер көп екенін түсінемін. Болатын жағдайдың бәріне құрметпен қараймын. Бірақ қазір Хесус пен бәріміздің басымызға түскен қайғыдан басқа ештеңе ойлай алмаймын. Жаның жәннатта болсын, Хесус», – делінген футболшының мәлімдемесінде.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2 қарашада «Андорра» мен «Тенерифе» арасындағы матч кезінде болған. Кездесу барысында қақпашы Хесус Овоно қақпадан шығып, жеке-дара шабуылға шыққан Хесус де Мигельді тоқтатуға әрекет жасаған. Екеуі соқтығысып, төреші Овоноға қызыл қағаз көрсетіп, ойынды тоқтатқан.

Соқтығысудан кейін де Мигель есінен танып қалған. Оны алаңнан зембілмен алып шығып, кейін жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген. Алайда көп ұзамай «Тенерифе» клубы футболшының қайтыс болғанын хабарлады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz