Жақын матчтар
Стас Покатилов Чемпиондар лигасының ойыны үшін «Сабах» сапында жоғары баға алды
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы әрі әзербайжандық «Сабахтың» капитаны Стас Покатилов Чемпиондар лигасының төртінші туры аясында норвегиялық «Викингке» қарсы сырт алаңдағы ойын үшін жоғары баға алды.
Flashscore статистикалық ресурсы қазақстандықтың әрекетін 7,1 баллға бағалады. Покатилов кездесуге капитандық таңбамен шығып, 69-минутта Златко Трипич орындаған 11 метрлік пенальти соққысын қайтара білді, алайда норвегиялық шабуылшы қайтқан допты қақпаға бірінші болып енгізді. Кездесудің өзі қонақтардың 1:4 есебімен жеңілісімен аяқталды.
«Сабах» футбошыларының арасында Покатиловтан жоғары бағаны бакуліктердің жалғыз голының авторы, шабуылшы Орфе Мбина (7,3) ғана алды. Сол жақ қорғаушы Тимотеуш Пухач 7,0 балл еншілесе, қонақтар сапында ең төменгі бағаны бейнешолудан (VAR) кейін алаңнан қуылған Аден Маккарти (4,9) алды.
Айта кетейік, төрт турдың қорытындысы бойынша «Сабахтың» еншісінде үш ұпай бар. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда әзербайжандық клуб өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды. Кездесу 25 қарашада өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 22:45-те басталады.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ