Жақын матчтар
«Реал Мадрид» кезекті рет камбэк жасап, соңғы минутта жеңісті жұлып алды
Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында мадридтік «Реал» АЕК-ке қонаққа барып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Матч соңына дейін жеңіліп тұрған корольдік клуб соңғы минуттарда камбэк жасады.
Ойын қалай өрбіді?
Матч есебін алаң иелері ашқан. 12-минутта АЕК жартылай қорғаушысы Абубакари Койта дәл соққысымен көзге түссе, 32-минутта Джуд Беллингем таразы басын теңестіріп кетті.
Екінші таймда грек командасы тағы да алға шыққан. 75-минутта «Реал» қақпасына Ставрос Пилиос гол соқты. Арада үш минут өткенде Килиан Мбаппе қанжығасын майласа, 90+2 минутта Федерико Вальверде жеңіс голын соқты.
Осылайша төрт ойында да жеңіске жеткен «Реал Мадрид» 12 ұпаймен турнирлік кестенің екінші сатысына көтерілді. Ал, АЕК болса небәрі үш ұпай жинап, 30-орынға жайғасқан.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының екінші турында «Реал» «Ромаға» қонаққа барып, ерекше камбэк жасаған еді. 1:3 есебімен жеңіліп тұрған Моуринью шәкірттері матч бітуге жеті минут қалғанда үш бірдей гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ