Жақын матчтар
"Тобыл" ұлттық құрама ойыншысын қатарына қосуға жақын
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ақтөбенің» қорғаушысы Темірлан Ерлановқа ҚПЛ-дың бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр.
ASnews.kz ақпаратына сәйкес, «Тобыл» тәжірибелі футболшыны өз қатарына қосуды жоспарлап отыр және тиісті ұсыныс та жасап үлгерді. Ерланов келесі жылы қостанайлық клуб сапында өнер көрсетеді деп күтілуде.
Айта кетейік, 33 жастағы футболшы өткен маусымда «Ақтөбе» сапында барлық додада 28 матч өткізіп, өз еншісіне алты гол мен бір нәтижелі пас жазды. Қорғаушы Қазақстан құрамасы сапында 23 кездесу өткізіп, екі гол соққан. Футболшының трансферлік құны 450 мың еуроға бағаланып отыр.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ