Жақын матчтар
Сәтпаевтың ескі жарақаты қайта сыр берді: «Бернлидің» жаңа бапкері
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында тағы да жарақат алды, деп хабарлайды Burnley Express басылымы.
«Челсиден» жалға алынған қазақстандық футболшы сенбі күні «Портсмутқа» қарсы өткен матчта тізімге енген жоқ. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Бұл матч Фабио Челестинидің «Бернли» бас бапкері ретіндегі алғашқы ойыны болды.
18 жастағы шабуылшы Қазақстан құрамасының қараша айындағы матчтарына шақырту алған жоқ.
Сәтпаев сан бұлшықетінің жарақатынан енді ғана айығып, қатарға қосылған еді. Оның алаңға оралу барысын негізгі клубы «Челси» жіті бақылап, ойын уақытын біртіндеп арттыруды жоспарлаған болатын.
Алайда қазақстандық футболшы тағы да біраз уақыт алаңнан тыс қалуы мүмкін. «Бернлидің» жаңа бас бапкері әзірге жарақаттың қаншалықты күрделі екенін нақты білмейді.
«Қазір біз «Челсимен» бірге жұмыс істеп жатырмыз. Оның сан бұлшықетінде мәселелер бар. Мұндай жағдайда асықпай, күн сайын жағдайды бақылап, бірлесіп шешім қабылдауымыз керек. Оның қанша уақыт алаңға шықпайтынын айту қиын. Менің бұл қызметке келгеніме небәрі 48 сағат болды. Қолымда ақпарат жеткілікті, бірақ бәрінен толық хабардармын деп айта алмаймын», – деді Челестини.
«Портсмутқа» қарсы матчта Анель Ахмедходжич, Джош Каллен, Аарон Рэмзи және Джейдон Банель жарақаттан кейін команда сапына қайта оралды.
Джош Каллен қосалқы құрамнан шығып, 2025 жылдың желтоқсанынан бергі алғашқы ойынын өткізді. Ол сол кезде «Эвертонға» қарсы кездесуде алдыңғы крест байламын үзіп алған болатын.
Қазіргі уақытта Бен Амос, Джордан Байер, Башир Хамфрис, Шуранди Самбо, Ханнибал, Якоб Бруун Ларсен, Майк Трезор, Зеки Амдуни, Эшли Барнс, Армандо Броя және Майкл Обафеми жарақатына байланысты командаға көмектесе алмай жүр.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ