Жақын матчтар
Асхат Тағыберген мансабын қай клубта жалғастыратыны анықталды
Қазіргі таңда тәжірибелі ойыншы "Тобыл" сапында өнер көрсетеді.
Қостанайлық «Тобылдың» капитаны Асхат Тағыберген клубпен келісімшартын ұзартты.
36 жастағы жартылай қорғаушымен ынтымақтастықты жалғастыруға команданың жаңа басшылығы мен бапкерлер штабы мүдделі.
Өткен маусымда Тағыберген қостанайлықтар сапында барлық додада 35 матч өткізіп, төрт гол соқты және сегіз нәтижелі пас берді. Биылғы наурыз айында қостанайлықтар Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды, ал ҚПЛ-2026 қорытындысы бойынша турнир кестесінде жетінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны өз мансабында төрт рет ел чемпионы атанып, үш рет Қазақстан Кубогын жеңіп алған. Жартылай қорғаушының трансферлік құны 400 мың еуроға бағаланып отыр
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ