Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

"Тобыл" қысқы үзілісте Ресейдің топ-клубымен кездеседі

Қостанайлық «Тобылдың» 2027 жылғы маусым қарсаңындағы оқу-жаттығу жиындарын (ОЖЖ) өткізу тәртібі анықталды.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
"Тобыл" қысқы үзілісте Ресейдің топ-клубымен кездеседі
Сурет: ашық дереккөздерден

ASnews.kz ақпаратына сәйкес «Тобылдың» алғашқы жиыны 1-10 желтоқсан аралығында Қостанайда өтеді. Онда бапкерлер штабы жас футболшылардың дайындығын қадағалап, бақылауға алады деп күтілуде. ОЖЖ-ның екінші бөлігінде Мирослав Ромащенконың командасы Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанады.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жолдастық кездесулер аясында «Тобыл» бірқатар танымал клубтармен күш сынасады. Олардың бірі – Ресей премьер-лигасының (РПЛ) турнир кестесінде төртінші орында тұрған «Краснодар». «Бұқалардың» құрамы 105,7 млн еуроға бағаланып отыр.

Айта кетейік, соңғы жылдары «сары-жасылдардың» жиын өткізетін дәстүрлі орны Түркия болып келген еді.

Еске салайық, қыркүйек айында қостанайлық клуб Olzha Agro агрохолдингінің басқаруына өткен болатын. Команда жұмысына компанияның бас директоры Әлішер Қожаназаров пен президенті Айдос Дүйсенбиев жетекшілік етеді. Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Тобыл» 41 ұпай жинап, чемпионатты жетінші орынмен аяқтады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz